Басты жаңалықтар
Күйеуі тастап кеткен келіншек: бірінші 5 баланы өлтірем, сосын өзім өлемін
- автор kyn.kz
- 12 ақпан, 2023
- 652
Шымкент тұрғыны өмірден түңіліп, 5 баланы жалғыз өзі бар күшін салса да тойып тамақ бере алмай жатқанына күйініп, осындай шешімге келгенін айтып отыр, деп жазды KYN.KZ.
Әйелдің желідегі жазбасына қарасақ, бір жыл бұрын күйеуі тастап кеткен. 5 баланы сүйреп ескі, суық, от жағып тұратын жаздық үйді жалдап тұрады. Балалардың әкесі үйленіп кеткен. Алиментке берешегі 4,5 млню теңге екен.
Ол алимент төлемек тұрмақ, балаларының хәлін, не жеп, қайда жүргендеріне де еш қызығушылық танытпаған.
Суық әрі берекесіз жалдамалы үйде балаларымен қаңғып қалған әйелді не өз туыстары не күйеуінің туыстары керек қылмай қойыпты. Өмір сүруге күші мен қауқары қалмаған келіншек журналист Гүлмира Әбіқайға ішіндегі маза бермей тұрған осылай жазыпты.
"Мен бес баламды өлтіріп, сосын өзім өлемін. Шаршадым уже. Менде басқа жол жоқ",- дейді әйел.