Басты жаңалықтар
Түркияда зілзаладан зардап шеккен қалалаларға қазақстандық еріктілер киіз үй тігуді бастады (видео)
- автор kyn.kz
- 13 ақпан, 2023
- 898
Түркия елінде болған, әлі де аяқтала қоймаған жоғары балдық зілзаладан аман қалғандарға демеу болып, көмек қолын созған еліміздің бір топ азаматтары тарапынан Қаһраманмарашта киіз үйлер тігіле бастады, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Киіз үйдің алғашқы легі келіп, орнатылып жатыр. Бізден 3-4 күн бұрын келіп қойған. Енді негізгі легі келеді, 84 киіз үй», – деп мәлімдеді істің басы-қасында жүрген журналист Нұрбек Бекбау.
Оның берген ақпаратына сүйенсек, Қазақстаннан көмекке 12 ерікті келген, сонымен қатар жалпы саны 100-ден астам киіз үй жеткізіледі. Сатып алынған киіз үйде түнеп көрген ол тағы да алынуы қажет керек-жарақтарды атады.
«Жер сілкінген соң, күн күрт суытып кетеді, - дегенді естуім бар еді. Қаһраман Марашта соған куә болып жатырмыз. Өте қатты суық. Балалар тоңып, үйінді астында қалып қойған тірілер үсіп мерт болып жатқанын да естіп жатырмыз. Өзіміз тіккен киіз үйде, міне өзіміз түнеп көріп, эксперименттен өткеріп жатырмыз. Жорықтық көрпе, жылытқыш электр пеш керек екен. Сосын көбірек одеял, қалың жамылғылар керек», - дейді тілші.
Еске сала кетейік, Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қазақстандықтар киіз үй алу үшін 18 миллион теңге жинап берді. Жиналған қаржыға жауапты тұлғалар өз міндеттерін атқарып, Түркия еліне сатып алынған киіз үйлерді жекізуге жол тартқан еді.
https://youtube.com/shorts/7dPr7Mq1mrg?feature=share