Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Құда рөлінде елестете алмаймын»: Сықақшы Нұржан Төлендиев болашақ құдаларымен танысты (видео)

«Құда рөлінде елестете алмаймын»: Сықақшы Нұржан Төлендиев болашақ құдаларымен танысты (видео)
ашық дереккөз
Бұған дейін әзілсүйер қауымға Тука атымен танымал болған актер, сықақшы Нұржан Төлендиев қызын ұзату туралы қуанышты хабарын елмен бөліскен еді. Әзілкеш бұл жолы Instagram желісінде жаңа құдаларымен танысқан сәтінен бейнежазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ. Бейнежазбадан «Тәтті шәйдан естелік болсын», - деген актердің қызы Қорланның болашақ ата-енесімен төс қағысып, арқа-жарқа болғанын көреміз. Тәтті шәйдағы көңіл толқытар сәттерін елге көрсеткен Төлендиевке жұрт тілектестігін білдіріп, қызына бақыт тіледі. «Тәтті шай емес нағыз құдалық қой. Мың жылдық болсын, жастар бақытты болсын», «Жастар бақытты болсын. Сізді көз алдыма елестете алмаймын құда ролінде. Әбден үйреніп қалыппыз, халықты күлдіріп әр түрлі образда көрген соң ба», «Тәтті шәйде арақ, шарап қойылмайды, ішілмейді. Сіздер ішіпсіздер, рюмкалар тола», «Құдалық мың жылдық, күйеу жүз жылдық болсын! Бастысы жастар бақытты болсын», - дейді желі қолданушылары. https://youtu.be/mvyk-yJ1coQ
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар