Басты жаңалықтар
Мәсімов Астанада сот үстінде құлап, оған жедел ота жасалды
- автор kyn.kz
- 14 ақпан, 2023
- 294
Оған дейін қорғаушылары сотталушы Мәсімовтың денсаулығы нашарлағанын айтып, жеңілдік сұраған еді
ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке операция жасалды. Ол Астанадағы сот процестерінің бірінде құлап қалған. Мәсімов ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. "Көптеген халықаралық мәлімдемелер мен Біріккен Ұлттар Ұйымының ерікті ұстау жөніндегі жұмыс тобы Мәсімовті дереу босатуға шешім қабылдағанына қарамастан, оның бір жылдан астам түрмеде отыруы алаңдатарлық жағдай. Ол сот процесінде құлап, 30 қаңтарда операция жасатуға мәжбүр болды, – деп хабарлайды Мәсімовтің PR қызметі.
Кәрім Мәсімов 6 ақпан күні түрмеге қайтарылған. Еске салайық, ҰҚК экс-басшысының соты Астанада өткен президент сайлауының алдында басталған болатын.
Мәсімовтің әрекеттері қылмыстық кодекстің 1-бөлігінің 175-баптары (мемлекетке опасыздық жасау), 3-бөлігінің 179-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 4-бөлігінің 362-бөлігі 3-тармағы (билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша сараланған.
Айта кетейік, бұл іс қалалық сотта «өте құпия» деген белгімен қаралады.
Келесі мақала