Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Анголада маймылдан туған бала табылды

Анголада маймылдан туған бала табылды
ашық дереккөз
Луандалық 12 жасар Аугусто өзінің әкесі маймыл екенін мәлімдейді. Бұл туралы KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұл ақпаратты оған анасы айтқан. Анасы Камеи ұлттық саябағында қоршаған ортаны қорғау офицері болып жұмыс істеген. Аталған жұмыс орнында ол ұзақ жылдар бойы еркек шимпанземен жыныстық байланыс жасаған. Бұл оқиға жергілікті газеттерде жарияланғаннан кейін Аугусто танымал бола бастады. Таң қаларлық жаңалықты естігендер оның үйіне келіп, тіпті келген адамның қарасы көптігінен кезекпен кірген. Ангола Президенті де бұл жаңалықты назардан тыс қалдырмады. Ол баланы «Анголаның ғажайып баласы» және «Құдайдың белгісі» деп атады. Адам баласының жануармен байланыста туғаны туралы ақпарат алғаш рет айтылған соң, бүгінгі таңда сарапшылар Аугустоның генетикалық кодын мұқият зерттеу үстінде.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар