Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қайтыс болған анасы баласын құтқарған»: Қаһраманмарашта құтқарушы жігіт адамдарды құтқару барысында таңғажайып оқиғаға тап болғанын жеткізді (видео)

«Қайтыс болған анасы баласын құтқарған»: Қаһраманмарашта құтқарушы жігіт адамдарды құтқару барысында таңғажайып оқиғаға тап болғанын жеткізді (видео)
ашық дереккөз
Түркияда апатты аумақта құтқарушылар қатарында жүрген түрік жігіт адамдарды құтқару барысында таңғажайып оқиғаға тап болғанын айтады, деп жазды KYN.KZ. Жігіттің айтуына сенсек, Қаһраманмарашта үйінділерді тазалап жүріп таң қаларлық оқиғаның куәсі болған. Оқиға сілкіністен кейін 5-күні болған. Астында адам жоқ деп бір үйдің қабырғаларын кранмен бұзып жатқан сәтте бір әйел жүгіріп келіп құтқарушыларды тоқтатқан. Әйел қабырғалардың астында екі баласының бар екенін айтып, оларды құтқаруын сұраған. Құтқарушылар оған сеніп үйіндінің астын тазалап қараса, екі баланың бары рас болып шыққан. Екеуін де аман алып шыққан соң, анасын іздей бастаған. Сонда аман қалған 13 жасар бала анасының 4 жыл бұрын қайтыс болғанын айтқан. Мұны естіген құтқарушылар тізерлеп отырып Аллаға дуға еткен. https://youtube.com/shorts/EYh1wQnF610?feature=share
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар