Басты жаңалықтар
Түркияда 8 күн бойы үйіндінің астында жатқан азамат адам айтса нанғысыз жағдайды бастан кешірген (видео)
- автор kyn.kz
- 15 ақпан, 2023
- 802
Сөзінше қасына белгісіз жан келіп, оған көмек көрсеткен
Он күнге жуық уақыт үйінділердің астында қалған Ахмет есімді ер адам қасына белгісіз біреудің келіп қамқорлық жасағанын айтты, деп жазды KYN.KZ.
Оның сөзінше, келген адам өзін Алланың жібергенін айтқан.
«Мен жатқан жерде басымның астында өте үшкір темір болды. Тіпті басымды төмен түсіре алмады. Сол сәтте біреу келіп басыма бірдеңе қойып: «ұйықтай ғой, балам», - деді. Мен оған «сен кімсің, сені көрмей тұрмын» деп едім. Ол маған «балам, маған сен» деді. Содан кейін басымды қойып жастансам, жастықтан да жұмсақ зат екен, үшкір темірді сезген де жоқпын. Кейін ұйықтап кетіппін. Құтқарушылар бетонды ұрған қатты дауыстардан оянып кеттім», - дейді Ахмет.
https://youtube.com/shorts/tikxvPMkR6o?feature=share