Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкенттік келіншек екі кішкентай баласын ертіп, таксиге отырған сәтте босанды

Шымкенттік келіншек екі кішкентай баласын ертіп, таксиге отырған сәтте босанды
ашық дереккөз
Әйелдің толғағын көрген шопыр перзентханаға жеткізуді ұсынған. Әйел үйіне баруы керек екенін айтып, көнбей қойған
Шымкенттік әйел таксиде босанды, деп хабарлайды Otyrar.kz порталы.
Yandex Go жүргізушісі Алиер Маккамовтың айтуынша, оқиға кеше түнде болған.
Кезекті тапсырыс кезінде жүктиі әйел екі кішкентай баласымен салонға отырған. Бірнеше минуттан соң толғағы басылған.
"Мен оған ауруханаға баруды ұсындым, бірақ ол бас тартты. Үйіне бару керектігін айтты. Сосын жедел жәрдем шақырып, мамандардың келуін күтуді жөн көрдім. Осы кезде әйелдің суы кетті", - деді жүргізуші.
Жолаушы көлік салонында босанған. Біраз уақыттан кейін жаңа туған нәрестемен анасына жедел жәрдем жеткен. Әйел мен сәбидің жағдайы жақсы екені хабарланды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар