Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда медресе атын жамылған тегін діни мектептер балаларды ұрып, ас - су бермей басқа ағымға тәрбиелеген

Алматыда медресе атын жамылған тегін діни мектептер балаларды ұрып, ас - су бермей басқа ағымға тәрбиелеген
ашық дереккөз
Медресе оқушысы: Шетелдіктер сабақ беріп, кітаптары мен өз ережелерін ешкімге көрсетпеуімізді бұйырды
Көрнекі сурет
Алматыда медреселердің бірінде «имамдар» балаларға тамақ бермей, қол көтеруге дейін барған. Онда сабақтар жабық өткізіліп, жүйелі түрде діни жоралғылар жасатады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Аталған пансионатта білім алушылардың өзінің аты-жөнін жарияламауды сұрап, оқып жатқан медресесіндегі астыртын әрекеттерді айтып берді. Оның сөзінше, оқушы медресеге келгелі бері имамдарды көрмеген. Ал өздерін «ұстаз» дегізген имамсымақтар, тіпті балаларға өзге тілде дәріс оқыған. «Сосын ұстаздың өзі бір сөзінде айтқан. «Біз заңсыз жүріп жатырмыз» деді. Жұма күні тексеріс келді. Сол күні жұма намазы болмады. Кітаптардың бәрін тығып тастады. Бізге алдын ала ескертіп қойды. «Тексеріс келсе кітаптарды сөреге салып тастаңдар. Бір кітап болмасын» деп, – дейді жасөспірім. Оқушы ата-анасына бұл жағдайды айтуға әуелі қорыққан. Кейіннен шындықты жасырмай, ол жерден біржола кетуді жөн санаған. Сонымен қатар мұнда балаларды шетелге де жіберетін көрінеді. «Ұстаздардың» сөзіне сеніп, балаларын жат елге аттандырғандар да бар. «Балалар ұшаққа отырғаннан кейін мұндағылар бірден басын ала қашты. Басында баламды «ең мықты университетке оқуға түсіреміз» деп сендірді. Оған мен қуанып, арам ойым болмады. Кейін ұлым да, бірге кеткен 70 бала да университетте емес, медресе атын жамылған мекемеде тұрғаны белгілі болды. Онда баскөз болған «ұстазсымақтар» оларға күш қолданған», – дейді ата-ана. Қазақстандық дінтанушы «медресе» атын жамылғандардың имамдарды жолатпай, өз ережесімен жүруінің қоғамға төнген қауіп екенін сөз етті. «Дер кезінде мына дертті емдемесе, «сүлейменшілерді» қолға алмаған жағдайда олар да күш жинаған кезде шынайы бетперделерін көрсетеді. Біріншіден, Діни басқармаға бағынбағаны үлкен қауіп төндіреді. Екіншіден, өздерінің жасырын құлшылықтары шариғатқа қайшы болғандықтан ол да бір қауіп», – деді теолог Руслан Қайыргелді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар