Басты жаңалықтар
Өткен жылдың қыркүйегінде үш баласын тастап, жоғалып кеткен келіншек табылды
- автор kyn.kz
- 16 ақпан, 2023
- 280
Жания Абдуллаеваны еріктілер тірідей тапты
2022 жылдың қыркүйегінде жоғалып кеткен Маңғыстау облысының тұрғыны Жания Абдуллаева тірідей табылды. Бұл туралы 15 ақпанда LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жариялады, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Айта кетейік, 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Бейнеу ауылындағы 27 жастағы үш баланың анасы ауруханаға жұмыс істеу үшін үйінен шығып кетіп, хабар-ошарсыз қалдырған еді. Жоғалған күні жас келіншек Бейнеу-Маңғыстау пойызына билет сатып алғаны белгілі болған.
Туыстары Жәнияны іздеуге еріктілер мен құқық қорғау органдарына жүгінген. Алайда іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген.
Әйелдің осыған дейін қайда болғаны нақты айтылмады.