Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұлттық қор әр балаға қаншадан, қашан ақша аударатыны айтылды

Ұлттық қор әр балаға қаншадан, қашан ақша аударатыны айтылды
ашық дереккөз
ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ұлттық қордағы ақша балалардың шотына қашан түсетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ. Оның мәлімдеуінше, Ұлттық қордағы инвестициялық табыстың тең жартысы еліміздегі барлық балаға бірдей мөлшерде бөлінеді. «Осы жұмада түзетулерді Парламенттің қарауына енгіземіз. Бүгін «Ұлттық қор» бағдарламасының негізгі тетіктерін депутаттарға баяндадық. Ұлттық қордағы инвестициялық табыстың 50%-ы Қазақстандағы барлық балаға бірдей мөлшерде бөлінеді. 2024 жылдың қаңтарында (Ұлттық қордағы ақша – автор) еліміздегі әр баланың шотына шартты түрде түседі. Шартты түрде дегеніміз бұл ақшаны балалар 18 жасқа толғанға дейін ала алмайды. Керек түзетулерді заңнамаға енгіземіз», - деді Дәурен Темірбеков Сенатта. Вице-министр қордағы салымның доллармен сақталатынын, әр бала 18 жасқа толғанда ақшасын доллармен алатынын жеткізді. Бала қапыда қайтыс болған жағдайда жиналған қор қалған бауырларына бөліп беріледі. «Әр ата-ана өз баласының шоттағы ақшасын бақылай алады. Жобаның операторы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры. Қордың ресми сайтында (тиісті ақпарат – автор) орналастырылады. Сондай-ақ Әділет министрлігімен осы сұрақтарды пысықтаймыз. Egov mobile мобильді қосымшасы арқылы ақпаратты көруге мүмкіндік береміз. Құдай сақтасын, егер отбасында баланың саны 2-ден көп болып, оның біреуі қайтыс болса, Ұлттық қордағы жинақталған ақшаны осы отбасындағы балаларға бөліп беру мәселесі қарастырылып жатыр», - деді вице-министр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар