Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда оқушылар сабақ үстінде порно көрген

Алматыда оқушылар сабақ үстінде порно көрген
ашық дереккөз
Алматыда мектеп оқушыларының сабақ үстінде порно көріп, сол сипаттағы әрекеттермен өзге оқушыларды қорлауға дейін барған, деп хабарлайды KYN.KZ. Әлеуметтік желілерде бұған дейін қалада орналасқан білім беру мекемелерінің бірінде жасөспірімдердің сабақ үстінде порнографиялық сипатта түсірілген бейнематериал көріп отырғаны туралы ақпарат тарады. Аталған дерек бойынша Алматы қалалық прокуратурасы пікір білдірді. «Мұндай сайттарды бұғаттау бойынша органдардың қабылдап жатқан шараларына қарамастан, іс жүзінде күн сайын жаңалары құрылып жатыр. Осыны ескере отырып, Алматы қаласының прокуратурасы осындай контентке мониторинг жүргізу және олардың оқушылар арасында таралуына жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейтіп, қайта қарауды ұсынды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Білім басқармасы арнайы бұйрық қабылдады, ол бойынша «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» КММ-не мониторинг жүргізу және «қара тізімді» қалыптастыру міндеті жүктелді. Оқушылардың жағымсыз контентке қолжетімділігін барынша азайту үшін анықталған тыйым салынған сайттар School net корпоративтік желісіне енгізіледі».
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар