Басты жаңалықтар
103-тегі кейуана ешкімнің ешқандай көмегіне жүгінбейтінін айтты
- автор kyn.kz
- 16 ақпан, 2023
- 422
Петропавл тұрғыны Қапыш Қасубаева 1920 жылғы 6 ақпанда Тимирязев ауданында туған. 13 жасында соғыс көрген кейуана бүгінде 103 жасқа толып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ «Таңшолпан» бағдарламасына сілтеме жасап.
Жастайынан еңбекке араласып, көп қиыншылық көрген. «Жас кезімізден соқа айдадық. Шаруаның сиырын, колхоздың өгізін бақтық. Өміріміз сонымен өтті. 13-14 жасқа жетпей соғысты да көрдік», - дейді ол.
Ашаршылық пен соғысты көзімен көрген Қапыш әжейдің Әкесі Мырзахмет кеңес-фин соғысында мерт болған. Әлі де тың кейуананың балалары алпысты алқымдап, үлкені 75-ке жетіп отыр. ешкімнің көмегіне мұқтаж емес.
«Екінші ғасырға кетіп бара жатыр. Қазір көп нәрсе есінде жоқ. 1944 жылы тұрмысқа шыққанын айтады. Жер бетінде егін егіп, соқа айдап, өгізбен жұмыс істедік дейді. Ол кезде техника жоқ, бәрі қол еңбегі", - дейді әжейдің қызы Орынтай Ғалымова.
13 немере, 15 шөберемен қоса 14 шөпшек сүйіп отырған Қапыш Қасубаева әлі күнге төсегін өзі салып, жинайды.
«Бір таң қалатыным, бұл кісі азанда төсегінен тұрып, өз төсегін өзі жинап, ешкімге салмақ салмайды. Аяғындағы былғары мәсісін өзі киіп, өзі шешеді. Өз-өзіне қызмет жасайды», - дейді күйеу баласы Ербол Жікішев.