Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шекара қызметінің бастығы Алдажұманов Таразда өлі табылған сарбаздың ісі бойынша пікір білдірді

Шекара қызметінің бастығы Алдажұманов Таразда  өлі табылған сарбаздың ісі бойынша пікір білдірді
ашық дереккөз
Шекара қызметінің бастығы Алдажұманов Таразда өлі табылған сарбаздың ісі бойынша пікір білдірді
Тараздағы сарбаз өлімі бойынша ҚР ҚҰК төрағасы орынбасары, шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов адвокат Пірәлиевтің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Аталған іс бойынша застава командирі күдікті деп танылды. Тергеу шараларымен келіспеген командирдің адвокаты Сержан Пірәлиев марқұм сарбаздың аузы мен аяқкиімінен өзге адамдардың биоматериалы анықталғанын мәлімдеді. Адвокаттың айтуынша, қорғаушысының ДНҚ-сы табылмаған. Адвокаттың бұл әркетін үшін Ішкі істер министрлігі оны этиканы бұзғаны үшін айыптады. Ал әскери прокуратура тергеу ісін қайта бастауды тапсырды. Шекара қызметінің бастығы Ерлан Алдажұманов тергеудің аяқталғанын күту керектігін тілге тиек етті. «Адвокаттың дәлелдері бойынша тұспал жасамай-ақ қояйын. Бір ғана нәрсе айтайын, ол кісі басты күдіктінің адвокаты. Оны түсініп тұрсыз ба? Ол күдіктіні қорғаудың сондай формасына барды, бұл - оны жеке ісі. Тергеу аяқталады. Сол кезде кім кінәлі және кімдікі дұрыс екенін көреміз. Тергеудің нәтижесін күте тұрайық. Міне, аз-ақ қалды», - деді Алдажұманов сенатта өткен брифингте. Айта кетейік, өткен жылдың тамыз айында Жамбыл облысы шекарасында әскери борышын өтеген 18 жастағы Бекбол Мираш ат қорадан өлі табылды. Аталған жағдайдан кейін бөлім командирі қамауға алынды. Командирге қатысты «ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билікті асыра пайдалану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар