Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Депутат «Jusan Bank-тің» Қазақстанға қайтарылатынын мәлімдеді

Депутат «Jusan Bank-тің» Қазақстанға қайтарылатынын мәлімдеді
ашық дереккөз
Депутат Ерлан Саиров шетелге активтерін заңсыз шығарған «Jusan Bank-тің» Қазақстанға қайтарылатынын мәлімдеді, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Саиров өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады.«Сүйінші! Алпауыт олигархтармен күресіміз өзінің нәтижесін беріп жатыр. Біздің сұрауға сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы осы мәселе бойынша жүйелі жұмыс істеуде! Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «Pioneer Capital Invest» ЖШС мен Jusan Technologies Ltd арасындағы «First Heartland Jusan Bank» АҚ-ның, сондай-ақ онымен байланысты ұйымдардың (бұдан әрі – «Jusan» тобы) активтерін шетелдік юрисдикцияларға беру туралы мәмілені жарамсыз деп тану туралы Алматы қаласы прокурорының талап арызы бойынша азаматтық іс қозғады», - деп хабарлады Ерлан Саиров. Оның сөзінше, ел байлығын мемлекетке қайтару жұмыстары соңына дейін жеткізіледі. - "Jusan Bank" дегі былық-шылықты анықтап, капиталды мемлекетке қайтару жұмысы түбіне дейін жеткізіледі! Ұлттық мүдделерді қорғау әр-бір азаматтың борышы! Халықтың игілігін «жеп-ішіп» қойған фактілердің барлығын анықтап, ел байлығын мемлекетке қайтаруды жалғастыра береміз! Біз фамилияға, бұрынғы еңбегіне, байлығына қарамаймыз! Халық игілігі мемлекетке қайтуы тиіс! Біз Біргеміз,- деп жазды депутат.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар