Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырау облысында малшы іс-түссіз жоғалды

Атырау облысында малшы іс-түссіз жоғалды
ашық дереккөз
Атырауда із-түзсіз жоғалып кеткен малшының табылмай жатқанына бір тәулік болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпан күні таңертең 53 жастағы ер адам өріске мал айдауға шығып, қайта оралмаған. «Кеше жергілікті уақытпен сағат 09:00 шамасында Индер ауданының Өрлік ауылынан 30 шақырым қашықтықтағы «Аманғали» қыстағынан 1970 жылғы ер адам түйемен мал бағуға шығып, қайта оралмаған. Малшыдан бүгінге дейін еш хабар болмаған. Бүгін малшының із-түзсіз жоғалғаны туралы ақпарат сағат 09:00 шамасында түсті», - делінген департамент хабарламасында. Малшыны іздеуге Атырау облыстық ТЖД-ның 4 қызметкері және 1 техника тартылды. Іздеу жұмыстарына малшының туыстары мен жергілікті тұрғындар да тартылды. «Атырау облысының аумағында ақпан айының басынан бері күн бұзылып, қалың қар түсті. Осыған байланысты тұрғындардың алыс жолға шықпағаны жөн. Ауа райы туралы 112 қызметі жіберетін sms хабарларды ескеру қажет», - дейді департамент баспасөз қызметі.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар