Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Премьер-министр депутаттардың облыс әкімдерінің 5 жылдық бір мерзімге тағайындау туралы ұсынысына жауап берді

Премьер-министр депутаттардың облыс әкімдерінің 5 жылдық бір мерзімге тағайындау туралы ұсынысына жауап берді
ашық дереккөз
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерін 5 жылдық бір ғана мерзімге тағайындау туралы Мәжілістің депутаттарының ұсынысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабына сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін Президент мәслихат депутаттарының келісімімен лауазымға тағайындайды. Президент өз шешімімен әкімдерді лауазымынан босатуға құқылы. Мұндай норма «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңда және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңда бекітілген. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, әкімдерді лауазымға тағайындау және босату Мемлекет басшысының құзіреті саналады», - деп жауап берді Премьер-министр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар