Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркияда 11 күн бойы үйінді астында жатқан қыз бала құтқарылды

Түркияда 11 күн бойы үйінді астында жатқан қыз бала құтқарылды
ашық дереккөз
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен 248 сағат өткен соң 17 жастағы қыз құтқарылды. Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Алейна Олмез есімді бойжеткен Кахраманмараш қаласындағы Каябашы ауданындағы тұрғын үйдің қирандыларының астында 11 күн бойы жатқан. «Алғашқы көмек көрсеткеннен кейін дәрігерлер оны ауруханаға жіберді», - делінген хабарламада. Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары 11 күннен бері жалғасып жатыр. Эпицентрі Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 36,1 мыңнан асты.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар