Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде түрік компаниялары салған үйлердің сапасына күмән келтірушілер көбейді (видео)

Елімізде түрік компаниялары салған үйлердің сапасына күмән келтірушілер көбейді  (видео)
ашық дереккөз
Түркияда қираған үйлердің іргетасының өзі құмдай үгітіліп жатыр
Бауырлас түрік елінде 11 күн бұрын болған жер сілкінісі аталған елдегі бірнеше құрылыс компаниясының былығын ашып берді. Осыған орай желіде ұстасаң қолыңда тұрмай, үгітіліп жатқан кірпіштердің бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ. Бүгінгі таңда үгітілген сапасыз кірпіш пен басқа да құрылыс материалдарының кесірінен Нұрдағы қаласы, тіпті жөндеуге келмей, сырылып, толығымен жаңадан салынатын болды. Апатқа дейін Нұрдағыда 18 мыңға жуық адам тұрған. Ал жергілікті билік мұндағы қирандыға айналған әр үйдің астынан 150 адамның денесі табылып жатқанын хабарлады. Жойқын зілзаладан бері 10 күннен аса өткенін ескере отырып, үйінділердің астында ендігі тірі жан жоқ деп, қала мэрі филиппиндік құтқарушылардан бас тартты. Ал, Қазақстанда түрік компанияларының салған үйіне  көп жағдайда сапасына қарай жақсы баға берілетін.  Түркиядағы жағдайдан кейін көптеген мемлекеттер  олардың құрлыс компанияларынан бас тартқан көрінеді. Өйткені өзге ел тұрмақ, өз халқының өміріне немқұрайлы қарағандары басқаларға үрей ұялатары анық.   https://youtu.be/YIZooEwJNoo https://youtu.be/JTmIG3cMvbc
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар