Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағандыда полиция қызметкері жұмыс орнында аяқасты ажал құшты

Қарағандыда полиция қызметкері жұмыс орнында аяқасты ажал құшты
ашық дереккөз
Қарағанды қаласында учаскелік полиция инспекторы күтпеген жерден жұмыс орнында қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Кенеттен  болған жағдай 19 ақпан күні сағат 14.40 шамасында Қарағанды қаласындағы участкелік полиция пунктінде болған. «19 ақпан күні Қарағанды қаласындағы участкелік полиция пунктінде учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ұлан Маратұлы Имашев кенеттен қайтыс болды. Дәрігерлердің алдын ала болжамы бойынша қойған диагнозына сәйкес, жүректің тоқтап қалуынан қайтыс болған», - деп мәлімдеді Облыстық полиция департаменті. Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрам марқұмның туған-туыс, жақындарына көңіл айтты.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар