Басты жаңалықтар
Жетісайда әкімдерден ақша талап еткен антикор қызметкерлеріне сот үкім шығарды
- автор kyn.kz
- 20 ақпан, 2023
- 252
Түркістан облысы Жетісай ауданында антикор қызметкерлері әкімдерден ақша талап етті. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жетісай ауданының әкімдігін тексеріп, ауыл округтері әкімдерін қылмыстық жауапкершілікке тартумен қорқытқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері олардан ақша талап еткен.
Әкімдік қызметкерлері антикор тексерісінен өту мақсатында 400-630 мың теңгеге дейін ақша беріп, «пара беру» дерегі бойынша құрықталды.
Аудандағы 7 ауылдық округ әкімдері мен 1 есепші әртүрлі мерзімде бас бостандығынан айырылса, қалғандары айыппұлға ілікті.
«Жергілікті Бас прокурор наразылығымен Жоғарғы сот айыпталушылар ақталып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің тікелей арандатушылық әрекеттері анықталды. Бас прокуратураның арнайы прокуроры олардың кінәсін толығымен дәлелдеп, қылмыстық іс сотқа жолданды. Сот үкімімен антикоршылар 6 жылға сотталды», - дейді құзырлы ведомство.
Келесі мақала