Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Күтуші ұлын пайдаланып үй иесінің банк картасынан ақша ұрлады

Күтуші ұлын пайдаланып үй иесінің банк картасынан ақша ұрлады
ашық дереккөз
Әйелдің құйтырқы әрекеті ұзаққа бармай әшкере болды
Байқоңырда үй күтуші ретінде жұмысқа қабылданған 32 жастағы әйел үй иесінің банк картасын ұрлады, деп хабарлайды KYN.KZ. Күдікті өзінің банк бейнебақылау жүйесіне түсіп қалудан қорқып, жасөспірім ұлын пайдаланып, ақша алуға жібереді. Бала анасының айтқанын орындап, картадан 30 мың теңге шешіп алған. Тиісінше, банк картасы иесі бірден банктен ақша алу туралы хабарлама алған. Полиция жәбірленушінің пәтерінде банк картасын кімнің алуы мүмкін екенін, сондай-ақ үй күтушінің жасөспірім ұлы бар екенін анықтады. Бүгінде ұрлық жасаған әйел әрекетін мойындап, өкінішін білдірді. Жәбірленушіден жымқырған ақшасын қайтарды. Ол өзге біреудің мүлкін жасырын ұрлағаны үшін сотталмақ.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар