Jusan Банктің акциялары Бостандық аудандық сотының талабы бойынша бұғатталды. Банк акцияларының бір бөлігіне иелік ететін «First Heartland Securities» компаниясы бұғаттаудың негізі талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым болғанын хабарлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Редакциядағы құжатта бұғат қарапайым және артықшылық берілген акцияларға салынғаны көрсетілген. Олар бұғат салынған күнгі компания активтерінің жалпы құнының 67,58% құрайды. Бұғатталған бағалы қағаздардың жалпы саны 131 млн данадан асады.
Талап қоюды қамтамасыз ету үшін бұғатталған жағдайда, мүлікті сатуға, сыйға тартуға, кепілге қоюға немесе шетелге шығаруға болмайды.