Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда полиция қызметкерлері үш оқушыны өрттен құтқарды

Атырауда полиция қызметкерлері үш оқушыны өрттен құтқарды
ашық дереккөз
Атырауда полиция қызметкерлері өртеніп жатқан үйден 3 жасөспірімді аман алып қалды, деп хабарлайды KYN.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 21 ақпанда Атырау облысы Мақат ауданындағы Мақат кентінде көппәтерлі тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан пәтерлердің бірінен өрт шыққан. Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Айымбек Қазбеков, аға учаскелік полиция инспекторы Тойғожа Азбергенов пен учаскелік полиция инспекторы Сәкен Қазтұрғанов өртке оранған пәтердің терезесін сындырып кіріп, 2-қабаттағы пәтерден 3 жасөспірімді аман алып шықты. «Өрт сөндіргенше үстіңгі қабатты түтін орап әкететінін түсінгесін ішінде тұрғындар қалмау керегін қадағалау қажет. Уақыттан ұтылмау үшін барынша жедел әрекет еттік. Бұл ерлік емес, жәй ғана қызмет бабында көмекке келдік», – дейді Айымбек Қазбеков.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар