Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Армяндар наразылыққа шығып, Путиннің суретін өртеді

Армяндар наразылыққа шығып, Путиннің суретін өртеді
ашық дереккөз

Ереванда Ресей елшілігінің алдында  наразылық шарасы өтті. Жүздеген Армян көшеге шығып, "Кірлеген Ресеймен қоштасамыз" деп ұрандатты. Олар  Ресей мен Украина арасындағы  қанды қақтығыстың бір жылдығына байланысты  өз ұстанымдарын көрсетуге тырысқан, деп жазды KYN.KZ.

Бұл туралы «Украина 365» телеарнасы видео таратты. Ресей елшілігінің алдына жиналғандар Ресейдің сыртқы саясатын, Украинаға  қатысты әрекеттерін қолдамайтындарын ашық айтты. "Қош бол, қандықол Ресей", "Путин қанышер" деген ұрандар болды. Әрі өздері Ресейді ешқандай ақтап алып, "достық" пейіл таныта алмайтындарын жеткізді.

Ресейдің Украинаға басып кіруінің бір жылдығында дүние жүзінде украин халқын агрессияға қарсы күресте қолдау акциялары өтуде.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар