Басты жаңалықтар
Алматы облысында лай көшкіні болып, екі үйді топырақ басып қалды
- автор kyn.kz
- 28 ақпан, 2023
- 227
Жаңбыр жауғаннан қызыл су мен топырақ көшкіні үйлердің қабырғасын бұзып түскен
Алматы облысының Талғар ауданындағы Бесағаш ауылында тұрғын үйлерді топырақ басып қалды, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KYN.KZ тілшісі.
Оқиға 27 ақпанда болған. 25-26 ақпанда жауған жаңбыр аралас қар мен қызыл су салдарынан үй іргесіндегі тау баурайынан батпақты топырақ жылжып, екі үйді жартылай басып қалған. Тұрғын үйлердің бірінің қабырғасы қираған. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.
"Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің, "Қазселденқорғау" ММ, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері дереу жіберілді. Оқиғаның нақты себептері мен келтірілген залалды анықтау жөніндегі комиссия құрылды. Түскен топырақтың болжамды көлемі 360 текше метр. Екі үйде тұратын 9 адам басқа жаққа уақытша орналасты", - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.