Басты жаңалықтар
Атырауда сәбидің маңдайын тіліп емдеген хиджама орталығы жабылды
- автор kyn.kz
- 1 наурыз, 2023
- 337
Атырауда кішкентай балаға хиджама жасаған орталық жабылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ем-домның бұл түрі дәстүрлі медицинаға жатпайды. Қазір арнайы жұмыс тобы осындай орталықтарға заң жүзінде жұмыс істеуге рұқсат беру-бермеу жағын талқылап жатыр.
"Атыраудағы орталық тексеріліп, ол жерде санитарлық-эпидемиологиялық норма бұзылғандықтан, ол орталықты жабу рәсімдері жүріп жатыр. Оны медициналық көмекті бақылау комитеті де тексеріп, көп жұмысында норма бұзылғаны анықталды", - деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Еске салайық, осыдан шамамен бір ай бұрын шақалақтың маңдайын тіліп, қан шығарып жатқан емшінің әрекеті әлеуметтік желіде тараған еді. Көпшіліктің қарсылығын тудырған бұл видеодан соң, хиджама орталығына тексеру жүргізілді. Кейін хиджама жасағандарға айыппұл салынды. Бұл туралы Нұрлан имам мен педиатр пікір білдірген еді.