Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Оралда дәрігерлер бір-біріне сілтеп қарамай жүргенде 24 жастағы емізулі келіншек қайтыс болды

Оралда дәрігерлер бір-біріне сілтеп қарамай жүргенде 24 жастағы  емізулі келіншек қайтыс болды
ашық дереккөз
Екі күн бұрын жас келіншектің төсін емізулі баласы тістеп, денсаулығы күрт нашарлаған
Оралда 24 жастағы келіншектің өлімін туыстары диагнозын таба алмаған дәрігерлерден көріп отыр. Артында екі бүлдіршіні жәутендеп қалған Асылтас Аренованың анасы ақ халаттыларды кешіре алмайтынын айтады. Сөзінше, өткен демалыс күндері марқұмның емізулі баласы төсін тістеп алғаннан кейін жарасы асқынып жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Бірақ ақ халаттылар Асылтас Ареноваға қарамай, бір-бірлеріне сілтеп уақыт жоғалтты дейді жақыны. Қазір қайғыдан қан жұтып отырған туыстары кезек күттіріп, ауруханадан ауруханаға жіберген дәрігерлерді жазалауды сұрап отыр. «Дәрігерлер өз кәсібінің білгірі болса, қазір қара жамылып отырмас едік» дейді 24 жастағы қызының мәйтіне қарап жаны қарс айырылған ана. Марқұмның анасы Эльмира Аренова кенеттен ауырып барған қызының диагнозын таба алмаған дәрігерлерді әрлі-берлі сабылтып, ауруханадан ауруханаға жібергендерін, кезек күткізіп қинағандары үшін кешіре алмайтынын айтады. Енді анасыз қалған екі бүлдіршінінің жайы не болар екен деп зар илеп отыр. "Инфекционныйдың врачтары мынау біздікі емес, бұл дейтін мастит хирургқа барындар деді. ГМБ-ға бардық ГМб-ға ұзақ жүріп қалдық. ГМБ-дан кейін қайтарып жіберді. Үйге барғанда шыдай алмай, қайтадан скорый шақырттық. ГМб-тағы хирург қараған жоқ. Гмб-дан областнойдан қайтты",–дейді марқұмның анасы  Эльмира Арсенова. Осыдан бірнеше күн бұрын марқұмның төсін емізулі сәбиі тістеп алған соң жара пайда болып, Асылтастың кеудесі сыздап ауыра бастаған. Ақыры омыраудағы жара шыдатпаған соң жедел жәрдем шақыртады. Асылтаспен барған жақындарының айтуынша, ондағылар қатты ауырып тұрған науқасқа қарамай, хирургқа кезек алдырған. Бірақ өзін жайсыз сезінген қызымыз дәрігер кезегін күтуге шыдамаған соң үйге қайттық дейді. Артынша қайта жедел жәрдеммен жұқпалы аурулар ауруханасына түседі. Ол жердегі дәрігерлер келіншектен ештеңе таппаған соң үйіне қайтарады. Үйде жағдайы күрт нашарлаған Асылтас облыстық ауруханада жеткізіледі. 24 жастағы жас ана кеше 27 ақпанда жансақтандыру бөлімінде қайтыс болады.  width= "Орынға барып тұр ғой енді ауруханаға барғанда көмек көрсету керек еді. Жауапкершіліктің жоқтығы, міне өзіміз зарлап қалдық. Ешқандай диагноз таба алмай. Не мамандар отыр сонда? Біздер деген халық болып, ел боп соларға қарап отырмыз ғой. Солардан көмек болады деп апардық қой",– дейді  марқұмның туысы  Ақдинаш Үтеева. Бүгін жерлеген Асылтас Арсенованың мәйітіне кеше облыстық ауруханадағылар сот-мединциналық сараптама жасатқан. Ал денсаулық сақтау басқармасындағылар келіншектен неден қайтыс болғанын сараптама нәтижесінен кейін айтатындарын жеткізді. "Облыстық көпбейінді ауруханада науқасты толықтай уролог тексерді. Бүйрегіне ультра дыбыстық зерттеу жүргізілді. Оған сейкес ем тағайындалған болатын. Алайда науқас тағы да бізге келіп түсті. Оны жансақтау бөліміне жатқызғанымызбен, жағдайы күрт нашарлап, көз жұмды", – дейді Батыс Қазақстан облысы көпбейінді ауруханасының директоры Арман Байдеуов. Басқарма мамандары сараптама нәтижесі бойынша қалалық не облыстық аурухана дәрігерлерінің олқылығы анықталған жағдайда жаза қолданатындарын жеткізді. Қазір облыстық көпбейінді ауруханада қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Ал полиция марқұмның туыстары тарапынан арыз түсірілсе, қылмыстық іс ашатындарын айтты.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар