Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

7 жасар Көркем жинап жүрген ақшасын Түрік еліне көмек ретінде елшілікке апарып тапсырды

7 жасар Көркем жинап жүрген ақшасын Түрік еліне көмек ретінде елшілікке апарып тапсырды
ашық дереккөз
Шынашақтай қыздың игілікті ісі көпшіліктің жүрегін елжіретті. Үйінді астынан шыққан кішкентай бүлдіршіндерді көрген Көркем өзіне жиғанын соларға көмек ретінде беруді жөн көрген, деп жазды KYN.KZ  тілшісі Астана арнасына сілтеме жасай отырып. "Ол жақта балалар тоңып жатыр. Маған папам тоңып жатыр деп айтты. Видеоларын көрсетті. Сол кезде ақшаны беру керек екенін түсіндім",- дейді 1-сынып оқушысы Көркем Жұмабек. Ал ата-анасы оның бұл әрекетін бірден құптаған. "Әрине, біз бірден келістік. Өйткені, қайырымдылықты біз өзіміз жиі жасап тұрамыз. Біздің Көркемнің тарыдай ғана, кішкене көмегін Түркия елшілігі көкке көтеріп, ілтипат көрсетіп жатыр бізге",- дейді Көркемнің анасы  Айгүл Әбдіразақова. Түрік бауырлардың басына іс түскенде қолдау көрсету үшін елшілікке ағылғандар көп болды. Оны өз көзімізбен көрдік. Ал солардың ішінде Көркемнің әрекеті тіпті елжіретті. Біз сіздерге келер алдында елшілікке де бардық. Олар біздің жомарт бүлдіршінге сәлем жолдап, алғыс жаудырды. "7 жасар Көркем қызымыздың келіп, жинап жүрген ақшасын «Менің аманатымды Түркиядағы бауырларыма міндетті түрде жеткізіңіздер» деп табыстағаны біздің көңілімізді босатты. Осы орайда, Көркемге, оны осындай маңызды адами құндылықтармен тәрбиелеп жатқан ата-анасына алғысымызды білдіреміз",- дейді Түркия елшісінің кеңесшісі Махмут Шевкет. Бұған дейін Түркия елшілігі Көркемнің үйіне қонақ болып барған. Батыр қызымыз бауырлас халыққа өзі салған суретті тарту етті. Оның мазмұны терең. «Бұл туынды екі мемлекет болсақ та, бір халық екенімізді тағы да дәлелдеді» дейді Махмут Шевкет. "Көркем қызымыз бізге тамаша сыйлық жасады. Бұл суретке қарап, біздің жүрегіміз бір екенін, болашағымыздың зор екенін аңғаруға болады",- дейді Түркия елшісінің кеңесшісі Махмут Шевкет. Қиындыққа тап болған Түркия жұртына қазақстандықтар ерекше қолдау көрсетті. Қазақ жерін ата жұрт деп бағалайтын түрік бауырларға бұл үлкен демеу болды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар