Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айнұр Тұрсынбаева жас күйеуі қамауда кезде қиналғанын айтты

Айнұр Тұрсынбаева жас күйеуі қамауда кезде қиналғанын айтты
ашық дереккөз
Ақын: Ақыретке дейін бірге боламыз деп уәделескен едік
Қазір түрік елінде тұрып жатқан ақын Айнұр Тұрсынбаевамен журналист Нұрсейіт Жылқышыбай сұхбаттасып, кеңінен әңгіме айтылды. Сөз барысында ақын өзінің күйеуі жайлы ашық әңгімелеп, сотталып, жақында босатылғанын да айтты. "Әрине қатты қиын болды. Мен ол жағдайды маған берілген сынақ деп қабылдадым. Жағдайды қалай еңсереріме түскен сынақ шығар деп білдім.  Біз ақыретке дейін бірге боламыз дегеннен кейін еш кұдер үзбей күттім. Ол негізінн  еш кінәсіз еді. Ақталып шықты ғой. Әйтпесе Түркияның соты Қазақстаннан басқаша.  20-40-60-100 жылға дейін жаза тағайындай береді екен. Шыдадық, шүкір, бәрі жақсы",-деді Айнұр Тұрсынбаева. Ақын бұдан бөлек қазіргі күйеуінің көпшілік білебермейтін мінезі мен жомарттығы жайлы айтты. "Ол "Нойс деген атының өзі қорқынышты, біртүрлі" дейтіндер бар. Ол атты мектепте бұзықтықтың алдында жүргеннен кейін апайлары қойған екен. Оның бұл атына қылмыс әлемі, тағы басқаның еш қатысы жоқ. Жұрт солай ойлайды, ол өте қатал деген сияқты. Негізі жаны жұмсақ жан. Тіпті романтикалық фильмдерді көрсе жылап қалуы мүмкін. Ол бүгін қалтасында 10 миллионы бар ертең, 10 теңгесі жоқ боп қалуы мүмкін адам. Аңғал. Осында бір танысымызға Қазақстаннан келген адам  Нұржанмен кездестіруін сұрапты. Үйге келіп айтса оны күйеуім танымай тұр, есінде де жоқ. Сөйтсе ол кісіге кезінде қиналған сәтте Нұржан көлігін сыйға тартып кеткен екен. Осындай жомарт, дүниеге сондай бір мән беребермейтін адам",-деп түйіндеді ақын. Ақын мен оның күйеуі Инстаграм арқылы танысқан екен. Біраз уақыт сөйлесіп жүріп, достық махаббатқа ұласыпты. Алғашында тіпті бір-біріне сезім болады деп те ойламапты.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар