Басты жаңалықтар
Қонаевтағы қарттар үйінде зейнеткер өлі күйінде табылды
- автор kyn.kz
- 2 наурыз, 2023
- 239
Полиция қызметкерлері Қонаев қаласындағы әлеуметтік орталықта егде жастағы ер адамдардың бірі өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады, деп жазды KYN.KZ.
Айтылған ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады. Оқиға 25 ақпан күні болған.
Полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында тексеру жүргізіліп жатыр. 76 жастағы зейнеткердің өз-өзін өлтіргені туралы дерек те бар.
Орталық қызметкерлерінің сөзіне сенсек, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған. Мәйітті олар таңғы 5-те тапқан. Мекеме басшысы өлімнің себебі сүйіктісіне деген қызғаныш болуы мүмкіндігін болжап отыр.
«Ол өте қызғаншақ еді. Наташа есімді әйелді жақсы көретін, ешкіммен сөйлесуге рұқсат бермейтін. Наташа бір рет мас күйінде келгенде біз оны бір аптаға бөлек бөлмеге ауыстырдық. Шамасы, осы жағдай оның өліміне себеп болған тәрізді. Нақты білмейміз. Полиция анықтай жатар», - деді Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Нұрғали Тортаев.