Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дориан Грей синдромы дегенміз не?

Дориан Грей синдромы дегенміз не?
ашық дереккөз
Жас адамның ерте қартайғанынан, қарт адамның жаспын дегені қауіптірек секілді. Ал оны Дориан Грей синдромы деп атайды. Яғни физикалық және психологиялық тұрғыдан қартайғысы келмеу, мәңгі жастықты қалау осының белгілері, деп жазды KYN.KZ Бұл, әсіресе, шоу-бизнес өкілдері арасында жиі кездеседі. Бірақ көпшілік алдында жүрмесе де, қарттығын қабылдағысы келмейтін адамдар бар. Жас көріну үшін бәрін істейді. Қазіргі кезде кең тараған бет-әлпетіне пластикалық ота жасату да осы синдромның белгісі дейді. Бұл психологиялық күй Оскар Уайльдтың атақты шығармасындағы басты кейіпкер Дориан Грейдің атымен аталған. Дориан өзінің жастығын сақтағысы келеді. Дорианның сымбатына қайран қалған суретші оған портретін салып береді. Содан кейін Дориан емес, сол сурет қартая бастайды. Оның бойындағы барлық өзгеріс портретке әсер етеді. Дориан алғашқыда өзінің тәні мен жаны қартамайтынына қуанғанымен, көз алдындағы сурет оған бәрін анық көрсетіп тұрады. Алайда Дориан оны жан баласынан жасырып ұстайды, тіпті, портретті басқа бөлмеге апарып, бетін жауып, бөлменің есігін құлыптап, тығып тастайды. Осы синдромға ұшыраған адамдар жас болу үшін, жылтырап көзге түсетін, өз жасына сай келмейтін киімдер киіп, бет әлпетіндегі әжімдерді түзеп әлек болады екен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар