Басты жаңалықтар
Жанель Мақажан өзінің жүкті екенін жеткізу үшін күйеуіне ерекше тосынсый әзірледі (видео)
- автор kyn.kz
- 9 наурыз, 2023
- 909
Актриса: Шүкір, үлкен үш арманым орындалды
Күйеуін қуантудан жалықпайтын Жанель сәбиінің атынан хат жазып, күйеуіне тосын сый жасады. Қуанышты хабарды естігеннен кейін жұбайы Абай көз жасына ерік берді. Актрисада эмоциясын ұстай алмады
“Әкешім, Алла анашым екеуіңіздің дұғаларыңызды қабыл етті. Мен сіздерді көруге асықпын. Сізге деген үлкен махаббатпен, сәбиіңіз”, – деп жазылған хатта. Осыған арнайы видео түсірген актриса күйеуіне көрсетті.
“Құрметті достар, сүйінші хабарымызбен бөліскіміз келіп отыр. Бір жарым жыл дұға етіп, күткен Алланың сыйы бізге нәсіп етілді, шүкір! Бізге тілекші болған әрбір жанға алғыс айтамыз! Бала сүйгісі келетін әрбір жан, шын жүректен сіздерге де жұғысты болуын тілейміз”, – деді Жанель Мақажан.
Ерлі-зайыптылар бұл сәбиді ұзақ күткенін жасырмады.
“Біз лайықсыз болғандықтан ба немесе әлденені дұрыс жасамағандықтан болар, балалы бола алмай жүрміз деп ойлайтынбыз. Мен үздіксіз тіледім. Тағы бір үлкен арманым орындалды”, – деді актрисаның күйеуі қуанышын жасыра алмай.
“Әбекенің үш үлкен арманы орындалды. Біріншісі – қажылыққа бару, екіншісі – менің орамалға келуім және сәби сүю”, – дейді Жанель эмоцияға беріліп.
Желі қолданушылары болса жұбайлардың қуанышты жаңалығымен жарыса құттықтап жазып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от АБАЙ АСЫЛХАН | ТВОЙ НАСТАВНИК ПО РЕЧИ (@abay.asylkhan)