Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сейсмологтар: Келесі аптада Алматыда 3-3,5 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін

Сейсмологтар: Келесі аптада Алматыда 3-3,5 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін
ашық дереккөз

Сейсмология институты келесі аптада Алматыда 3-3,5 балдық жерасты дүмпулері сезілуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды seismology.kz.

Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаевтың айтуынша, алдағы аптада шамамен 3-3,5 балды құрайтын жерасты дүмпуі болуы ықтимал.
"Алматы полигоны аумағындағы жер сілкінісінің орташа мерзімді болжамы бойынша қорытындысы әзірленді. Осы қорытындыға сәйкес, 2023 жыл ішінде Алматы полигоны аумағында 0,7 ықтималдығымен магнитудасы 5,6, яғни жеті балдық жер сілкінісі күтілмейді. Алдағы аптада шамамен 3-3,5 балды құрайтын жерасты дүмпуі болуы мүмкін. Бұл біздің аймаққа тән қалыпты сейсмологиялық фондық режим", – деді Дәулет Сәрсенбаев.
Қазіргі уақытта Алматы болжау полигоны аумағында (Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары) 47 станция жұмыс істейді. Ал институт базасында тұрақты болжау комиссиясы жұмыс істейді, оның құрамына төрт ғылыми зертхананың қызметкерлері мен Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның (СТӘЭ) қызметкерлері кіреді.
Режимдік бақылаудың кешенді станциялары желісінен күн сайын алынатын сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеодинамикалық, геохимиялық және басқа да деректерге (200 параметрге дейін) тұрақты мониторинг жүргізіледі.