Басты жаңалықтар
Атырауда орталық көшені кірпішпен жамағандар халықтың ызасын туғызды (фото)
- автор kyn.kz
- 12 наурыз, 2023
- 261
Қалалық әкімдік жолды кірпішпен өздері жамағанын мойындады
Желі қолданушылары бұл суретті «Атырау нанотехнологиялары жемісі» деп атады. Көпшілік орталық даңғылдағы ойықты жамау әдісіне "жоғары" баға берген. Өйткені, жолдағы тесікті қарапайым халық емес, әкімдікке қарасты компания жамаған, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Қала әкімдігі шұңқырлардағы кірпіштерді «уақытша шара» деп хабарлады. Жазда толық жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп уәде берді.
"Шұңқырлардағы кірпіштердің пайда болуы - Атырауда тұрақты жылы ауа райы басталған соң қолға алынған, жөндеу жұмыстары басталғанға дейінгі уақытша шара. Жөндеу жұмыстары наурыздың үшінші онкүндігіне алдын ала жоспарланған. Ал бүгінгі жұмыс оны барынша азайтуға бағытталған, жүргізушілерге ыңғайсыздық тудырмас үшін», - деп жауап берді әкімдік.