Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атамекен, тек өзіңе бар құрмет

Атамекен, тек өзіңе бар құрмет
ашық дереккөз
«Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Дәулеткерей Кәпұлы, Ілияс Досқожаев, Ерболат Саурықов,  Болатбек Қыстауов Түркістан облысының тұрғындарымен және туристерімен кездесті.  width= Бірінші кездесу Түркістан қаласындағы «Керуен Сарайда» ұйымдастырылды. «Ауыл» партиясының атынан Мәжіліс пен түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттар депутаттығына кандидаттармен кездесуге 500-дей адам келді. «Мен де ауылымды сағындым» аталған жиын  бұрынғылардан өзгерек әдеби кеш форматында өтті. Айтыстан аты белгілі суырып салма ақын, Мәжіліс депутаттығына кандидат Дәлеткерей Кәпұлы: Атамекен, тек өзіңе бар құрмет, Сағынышым саған деген сан бүрлеп. Жақпарда өскен жалқы, қасқа қайыңдай, Жанарыңда жәудіреймін тағдыр боп, – деп бастап бұқара алдында кір жуып, кіндік кескен  туған жер, атамекен, қазақтың алтын қазығы ауылдың бүгінгі қиюы кеткен тірлігі жайлы бұрқырата өлең оқып, тағдыры жайлы толғана сөйледі. Өлеңінің соңын Көлеңкеден күнге қарап, Күшік ойым шәуілдейді. Болашағым кімге аманат, Елім қашан дәуірлейді?!, – деп сұрақпен аяқтаған арқалы ақын өз сұрағына өзі жауап берді.  width=«Орасан жер қоры, егіншілік пен мал шаруашылығының бай тарихы болғанына қарамастан, Қазақстан әлі де импортқа, ал халық азық-түлік бағасының өсуіне тәуелді.  Ал әлемде азық-түлік дағдарысы күшейіп келеді. Бұл Қазақстанның өз халқын жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарықтарға экспорттаушы жетекші ел болуына да зор мүмкіндіктер ашады.  «Ауыл» партиясы мәжіліске барғанда ауылдардың қарқынды дамуына баса назар аудара, оларға бұрынғы даңқын қайтара, аграрлық саланы ұлттық табыстың сарқылмас көзіне айналдыра отырып, әрбір қазақстандықты жайлы өмірмен қамтамасыз етуді, еңбек адамына деген бұрынғы құрметті қайтаруды, ауыл әйелдерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздеп отыр. Ол үшін сіздердің қолдауларыңыз керек. Мұңы бірдің – мүддесі бір! Сіздердің мүдделеріңіз – біздің мүддеміз! Бізді, «Ауыл» партиясын қолдаңыздар! Жақсы өмірге бірге жетейік! Ауыл төрге шықсын!», – деді кандидат-ақын Дәулеткерей Кәпұлы. Кандидат-ақынның аузынан шыққан адуынды жыр жолдары мен оралымды ойлармен «Ауыл» партиясын қолдауға шақырған үгітін  жырсүйер қауым өте жылы қабылдады. Түркістандықтар кандидаттарға өздерін толғандырып жүрген мәселелелерді айтып, сұрақтар қойды. Ұсыныстарын аманаттады.  width= Ары қарай «Ауыл» партиясының делегациясы Түркістан облысы Сауран ауданының халқымен және кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жергілікті тұрғындарға сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндірді.   «Гүлденген ауыл және тиімді ауыл шаруашылығы ауылдық жерлерде жайлы өмір сүру жағдайларын жасап қана қоймай, еліміздің барлық азаматы табысының өсуіне негіз болады, азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандырады, урбанизацияға байланысты өткір әлеуметтік проблемаларды азайтады», – деп «Ауыл» партиясынан кандидат Болатбек Қыстауов өз сөзін қорытындылады. Тапсырыс беруші: "Ауыл" ХДПП «Ауыл» ХДПП сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

«Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі

8(7172) 543266 auyl_pressa@mail.ru

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар