Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Долларды қолдан жасап, қару тасмалдауға кіріскен топ ұсталды

Долларды қолдан жасап, қару тасмалдауға кіріскен топ ұсталды
ашық дереккөз
Олар бұл жұмысты аса сақтықпен жасап келген
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысының аумағында қарудың және жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізді, – деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Қару мен жалған АҚШ долларын сатудың жасырын арнасы жұмысын жолға қойған қылмыстық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы ұсталды. Операция алдында ұзақ уақыт жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, қару, оқ-дәрі, жалған банкноттарды тасымалдау дерегі анықталды.  width= Күдіктілер сақтық үшін жасырынған. Заманауи техникалық байланыс құралдарын қолданған. Сондықтан олардың қылмысын әшкерелеу де қиын болған. Күдіктінің заңға қайшы іс-әрекеті елдің қоғамдық-экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндірген. Жедел тексерудің нәтижесінде, қылмыстық бизнес жойылды. Заңсыз айналымнан 4 бірлік қару: Калашников автоматының жетілдірілген түрлері, тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықтар, 450-ден астам оқ-дәрі және аса ірі көлемде жалған АҚШ доллары алынды. Ұсталған адам қылмысын мойындады. ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес, 2 айға тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар