ҚР-ның мерекелік күнтүзбесі екі кәсіби мерекемен толықты. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
ҚР Үкіметінің 9 наурыздағы қаулысы бойынша "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер енгізілді.
"Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде 35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Мұғалім күні – 5 қазан, Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі", - делінген ресми хабарламада.