Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының президенті болып сайланды

Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының президенті болып сайланды
ашық дереккөз

Бұл туралы ол Facebook желісінде жазды деп хабарлайды  KYN.KZ тілшісі.

«Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліспекшімін. Астана шахмат федерациясының құрметті президенті болып сайландым. Астана қалалық федерация президенті Абзал Сағымбаевтың ұсынысымен федерация құрылтайшылары мен атқару комитетінің қызметкерлері бірауыздан қолдады» деп жазды Сәдуақасова.

Ол ФИДЕ спорт комиссиясында тәжірибесі бар ЮНИСЕФ-тің ізгі елшісі ретінде өз білімі мен энергиясын шахматтың көркеюіне барынша жұмсайтынын айтты.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар