Басты жаңалықтар
Айдарбекова күйеуі жасаған ерекше тосынсый жайлы айтып, көпшілікті қызықтырып қойды (видео)
- автор kyn.kz
- 13 наурыз, 2023
- 274
Бүгінде әншіге айналған Қайрат Нұртастың продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова көпшілікке Әйелдер мерекесінде күйеуінен қандай сыйлық алғанын айтты әрі көрсетті. Биылғы мерекеде ел алдында жүрген үлгілі жұптың екі мүшесі екі қалада болған. Бірақ Нұртас Айдарбеков күтпеген жерден әйеліне тосыннан сыйлығымен бірге келіпті.
"Нұрекең Астанадағы концертте болмаймын, неше күн сабылып жүрміз, таңертең Алматыға ұшаққа отырамыз, бір моншаға інілеріммен барып демалайын деген ғой. Моншада отырғанында бір таныстары бір бұзауын сатып алайық деп хабарласыпты, жарайды деп берген. Тура сол ақшаға 101 гүл сатып алып, ойламаған жерден кіріп келді. Негізі Нұрекең біраз мал ұстайды.
Кейін күліп жатыр, "бір бұзаудың ақшасына алған гүлдер" деп. Бұл жерде әңгіме бұзау болмаса гүл алып келмейді емес, 101 гүлдің бағасы бір бұзаудың құны болғанын айтып жатқаны", - дейді продюсер. Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова жұбайынан да, ұлдарынан да қымбат, бағалы сыйлықтар алып жүргенін, алайда бұл тосынсый есте қаларлықтай болғанын атап өтті.
"Бұл мен үшін есте қалатын гүл болды. Оған қоса бүкіл елдің алдына шығып, жүрекжарды сөздерін айтып бергені мен үшін теңдесі жоқ ерекше сезім. Ұл-келіндерім, немерелерім де мәз. Әкелері анасын құрметтеп тұрса, қай бала жек көрсін, бар баланың арманы ғой. Барымызды бағалайық ағайын!", - дейді продюсер.