Басты жаңалықтар
Астаналық шенеунікке 300 мың теңге пара үшін 9,3 млн теңге айыппұл салынды
- автор kyn.kz
- 13 наурыз, 2023
- 237
Экс-басшыға пара берген кәсіпорын директоры да жазаланды
Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бұрынғы басшысына пара алғаны үшін айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлайды елордалық соттың сайтты.
Іс материалдарына сүйенсек, басқарма басшысы жұмыссыздарды оқытуға келісімшарт бекіту үшін ЖШС директорынан 310 мың теңге пара алған.
Сотталушылар прокурормен кінәні мойындау туралы процессуалды келісім бекітті. Сол себепті қылмыстық іс келісу рәсімі тәртібінде қаралды. Сот сотталушылардың өз ісіне өкінетінін және асырауында кішкентай балалары барын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді.
Сот үкімімен жұмыспен қамту басқармасының бұрынғы басшысы пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, параның 30 еселенген мөлшері – 9,3 млн теңге айыппұл төлейтін болды.