Басты жаңалықтар
Қостанай облысында 7 келі бойы 70см қыз бала дүниеге келді (фото)
- автор kyn.kz
- 13 наурыз, 2023
- 598

Қостанай облысына қарасты перинаталдық орталықта салмағы 6,7 келі болатын қыз бала дүниеге келді, деп жазды KYN.KZ тілшісі "Костанайские новости" сайтына сілтеме жасап.
Баланың бойы 70 см.
"Тәжірибеде 4-5 келі салмақпен дүниеге келетін бала алып болып саналады. Ал жаңа туған баланың салмағы 6 не одан көп болса ол сирек кездесетін ерекше жағдай.", – дейді перинаталдық орталық дәрігері .
Басылымның мәліметінше, сәбидің салмағы қалыптан тыс үлкен болғандықтан жоспар бойынша анасын дәрігерлер кесарь тілігі арқылы босандырып алған. Бала екі күн жансақтау бөлімінде жатқан.
"Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Анасы мен баласының жағдайы жақсы", – дейді перинаталдық орталық дәрігерлері.
Ата-анасы сәбиге Айару деген есім берген. Ол отбасындағы үшінші бала. Әулиекөлдегі үйінде оны әкесі, ағасы, әпкесі және үлкен отбасы күтіп отыр. Сондай-ақ Әйгерім Долдашева қызының аман-есен өмірге келуіне атсалысқан барлық медицина қызметкеріне алғыс айтты.

Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025