Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

2023 жылға Пітір садақаның мөлшері белгілі болды

2023 жылға Пітір садақаның мөлшері белгілі болды
ашық дереккөз
2023 жылға мұсылманша мереке даталары белгілі болды
Биыл пітір садақа мөлшері 535 теңге болып бекітілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақаның мөлшері анықталды.
"Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Оның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады", - деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Мүфтият Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдасып және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдаған.
Оған сәйкес, биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні.
21 сәуір – ораза айт мерекесі.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар