Басты жаңалықтар       
 Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа "охота" басталуы әбден мүмкін...
- автор kyn.kz
- 24 наурыз, 2023
- 535
 
 Мәжіліс депутаттығына өткен Ермұрат Бәпи Шораевтың өтпеуіне биліктегілердің әсері болғанын айтты
 Журналист, қазіргі Мәжіліс депутаты  Ермұрат Бәпи Арман Шораевты алдағы уақытта өзіне жасалатын түрлі айла - әрекеттерден сақтанып жүруге шақырды. Сөзінше  оның Мәжіліске өтпей қалуында үлкен мән бар, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі
  "Бұл сайлаудың ең үлкен өкініші - Арман Шораевты өткізбеу болды! Қазақтың бір шетіне шығып, ел намысын қорғап жүрген қайсар жігіт депутат болуы керек-ақ еді! Биліктің солақай ойлы шешімі осы бопты!
  Арман бауыр, дегенмен "бұл да бір біткен іс болды" - билік сенің рейтингіңді тағы да он шкалаға өсірді.
  Енді бұдан былай саған басқа "охота" басталуы әбден мүмкін...
  Сақтықтың түп тамырын түсініп отырған шығарсың: солтүстікте - снайпер, оңтүстікте - озбыр бар.... "Бір шоқып, екі қарап" жүрші, бауырым-жауырым!",-  деді ҚР Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бәпи.
 Келесі мақала 
 
 
 





