Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жиендердің сыйлығы»: Мерейтойында доллардан шапан киген ер адам көпті сүйсінтті

«Жиендердің сыйлығы»: Мерейтойында доллардан шапан киген ер адам көпті сүйсінтті
ашық дереккөз
Көпшілік жиендерінің нағашыларына берген сыйлығына риза болған, деп жазды KYN.KZ тілшісі,caravan.kz сайтына сілтеме жасап. Желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болған видеода ер адамның мерейтойында доллардан шапан киген сәтін анық көруге болады. Сонымен бірге онда ерекше шапанды оған жиендері сыйлағаны айтылады. Жазба авторы: «Шапан кисеңіздер, тек осындай болсын. Қазақтардың тойдағы креативі жыл санап дамып келе ме қалай? Қанша доллардан жасалған шапан деп ойлайсыз? Бәрекелді! "Жиендер жарады" деп жазған. Желі қолданушылары да жиендердің бұл сыйына дән риза болған. Олар: «Жиендер жарады. Баяғыда жиен - ел болмас, желке- ас болмас» дейтін еді. Жиендер ел екендiгiн көрсеттi. Жиендер бай қуатты болсын», «Несіне дарақылық деп сынап жатсыздар? Қолында болса бере берсін», «Жиен болған соң осындай болсын, жарайсыздар», - деп жазды олар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар