Басты жаңалықтар
"Екі кішкентай қызы хиджап киген":Үш баласын балталаған ақтаулық жайлы көршілері айтты
- автор kyn.kz
- 27 наурыз, 2023
- 372
Мәслихат депутаты: Дінді ұстанған, ажырасқан отбасыларды құқықтық орган қадағалауда ұстауы тиіс
"Маңғыстау-Медиа" холдингінің директоры Гүлмира Әбішева өзінің Инстаграм парақшасында үш баласын өз әкесі балталап өлтірген қайғылы жағдайға байланысты жаңа деректер айтты, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі.
Оған келіп түскен бейресми ақпараттар бойынша балалардың әкесі мен анасы ажырасқан. Үш бала анасымен тұрып жатқан. Оларды әкесі демалыс уақытында бірге уақыт өткізу үшін өзімен ертіп әкеткен.
"Ол әйелімен ажырасқан, бөлек тұрады. Балаларды демалыс уақытында өзімен алып кеткен. Желіде көпшілік ол жігітті белгісіз бір ағым жетегінде деп жатыр. Шын мұсылман құмырсқаны да өлтіруге қимайтын мейірімді болуы керек. Дінге бой бұрған және ажырасып, балаларды екі ортада тасып жүрген ата-аналар қадағалауда болу керек. Ондай отбасылардың жан-жағындағылардан сұрақ-жауап алынып, құқықтық орган қадағалауда ұстауы керек",-дейді Әбішева.
Мәслихат депутаты Гүлмира Әбішева мектеп психологтарына балалармен отбасындағы жағдай бойынша ашық әңгімеге тыйым салынғанын айтады. Өйткені көптеген ата-аналар үйдегі жағдайды балалардың психологпен талқылауына қарсы екен.
"Психологтарға әр баланың отбасындағы жағдай бойынша ашық әңгімеге рұқсат берілуі керек. Өйткені балалар түрлі қысымдардан қорқады, ұялады. Көмек сұрау жолын білмейді",- дейді Әбішева.
Ал қатыгез әкені сол күні балаларын үйіне ертіп кележатқан жерінен көрші әйел көрген.
"Қарап тұрдым. Ол екі қызын ертіп алыпты. Кішкентай қыздар хиджап жабынып алыпты. Ұлы арқаларынан еріп кележатты. Бірақ бұл жігіт туралы көп білмейміз. Өзін көребермейміз де",- деді әйел.