Басты жаңалықтар
Айгүл Болатханқызы: Жанат Бақытпен тілдеспей жатып сөккенді қойыңыздар
- автор kyn.kz
- 27 наурыз, 2023
- 472
Журналист: Жанатта танымалдық та, кәсіп те бар
Журналист Айгүл Болатханқызы Жанат Бақытты сынаған жұртқа ашуланды. Ол көпшіліктен сырттай бақылап, сөкпес бұрын онымен тілдесіп алуға кеңес берді, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі.
"Ерінбегеннің бәрі Жанат Бақытты талқылап кеткен. Кекету, келекелеу… Оған танымал болу керек емес, өз атын қалыптастырып алған. Ұлттық киім сататын дүкенінен зат алғанда арнайы шығарылған пакетіне дейін ұқыптап салып беретін қыздары қандай! Апамның кітаптарын солай арнайы пакет жасатып салып берсем маған ешкім қой демейді ғой…
Ол әріптес, ол сүйікті жар, аяулы ана, бір әулеттің келіні. Қазақтың ҚЫЗЫ! Енді осы қызбен, ең болмаса, біреуің жеке тілдесіп көрдіңдер ме, мұндай пост жазуға не түрткі боп жатқанын сұрап көрдіңдер ме, зерттеп көрдіңдер ме? Қайсың барсың? Осыны білмей жатып неге оның етін жеп сүйегін мүжіп жатыр бұ қазақ? Ал егер оның болжамының бәрі тура келсе ше?
Тура иттей ғып соттаған анабір ақсақалдың айтқанындағыдай. Өкінішке қарай ол кісі бақилық боп кетті… Әй, бір сорлымыз ғой. Қазақ біріне-бірі келгенде “бауыры көктемір”, қатыгез. Неге екен? Жанатты көрмегелі қай заман, тапсырыспен жазылған деп көтпен бал ашу жоқ екенін ескертем",- деп жазды Айгүл Болатханқызы өзінің фейсбук парақшасында.
Келесі мақала