Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қуат Хамитов: Халықты кедейлікке түсіріп барып жеңген футбол құрамасының жеңісіне қуана алмаймын!

Қуат Хамитов: Халықты кедейлікке түсіріп барып жеңген футбол құрамасының жеңісіне қуана алмаймын!
ашық дереккөз
Қуат Хамитов футболдан Қазақстан құрамасына: 30 жыл бойы елдің салығы ретінде алынған ақшаны, кедей халыққа аударыңдар
Спортшы Қуат Хамитов бүкіл халық қуанып, тойлатып жатқан футболдан Қазақстан құрамасының жеңісіне көңілі толмады. Ол "кедейліктен көз ашпай халқым тұрғанда несіне қуанамын" деп өкінішін жеткізді, деп жазды  КҮН.КЗ тілшісі. "Тыңдаңыздар, Қазақстанның  футбол құрамасының бір жеңісіне де қуана алмаймын. Не үшін қуануым керек? 30  жылда ел кедейліктен көз ашпады, халықтың орташа айлығы 80 мың теңге.  Қарызданып, несиеден несие төлеп жан баққан халық салықты төлеп жүр. Сол салық қайда кетіп жатыр? Қайдағы жоқ футболға кетіп жатыр. Ол футболдың жеңісін қайтейік? Пайдасынан зияны көп! Мен олардың жеңісіне сыйластықпен қараймын, қай кезде дейсіз ғой? Олар өз күшімен жеңіске жеткенде, халықтың ақшасы арқылы емес! Жігітше өз күштеріңізбен нәтижеге жеткен кезде  сіздерді мойындаймын. Қазіргідей жеңісте емес... Меніңше осынша жыл халық аузынан жырып, футболға жөнелтілген ақша қайтарылуы тиіс!",- деп жазды Қуат Хамитов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар