Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мәжіліске өтпей қалған Ирина Советжан өзіне сенім артқан халықтан кешірім сұрады

Мәжіліске өтпей қалған Ирина Советжан өзіне сенім артқан халықтан кешірім сұрады
ашық дереккөз
Журналист: Дәл осы сайлауды 5 қайтара өткізсе де осы нәтиже болады!
Журналист Ирина Советжан бүгін Мәжіліске баратын депутаттар тізімінен өзін көре алмаған  қолдаушыларынан кешірім сұрады.  Өйткені журналисті депутаттар тізімінен таппағандар "сен үшін дауыс берген едік" деп өкініштерін жазып жатыр екен. Бүтін бір ЖСДП атынан төрт адам ғана мәжіліске өткен еді, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі.
"Өздеріңіз естігендей, депутаттыққа өтпедім. Өтпей қалған соң бірнәрсе айту да артық әңгіме. Тек “сен үшін ғана дауыс берген едік қой” деп жазып жатқан әр қолдаушымнан кешірім сұраймын. Үміттеріңізді ақтай алмағаным үшін.
Науқан кезінде менің бірде бір пікірімді ақпарат құралдарынан бергізбей қойған кезінен-ақ күдіктене бастаған ем. Күдігім расталды. ЖСДП отымен кіріп, күлімен шыққан Тазабек Сәмбетбай те өтпей қалды. Сондықтан партиядағылар шешті дегенге сенімім аз. Кім шешкенін іштеріңіз сезіп отыр.
Бүгінге дейін “сайлау әділ өткен жоқ” дегендерге неге қосылмадың деуіңіз де бек мүмкін. Сайлау екінші, тіпті, бесінші мәрте қайта өтсе де, осы нәтиже шығатын еді.
Осы уақыт аралығында қолдау білдіріп, тілеушім болған әр қазаққа алғысымды айтам. “Сені пайдаланып кетті” - деген дос, әріптес, жақындарым, көрермендерім, жанашыр көңілдеріңіз үшін де көп рахмет! Қазіргі жағдайда өтпей қалғаным да жеңіс, түсінген адамға",- деп жазды журналист Ирина Советжан желідегі парақшасында.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар