Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жұлдызай Дүйсенбиева Арман Дүйсеновке ешкімнің көмектесе алмағанын айтып көзіне жас алды

Жұлдызай Дүйсенбиева Арман Дүйсеновке ешкімнің көмектесе алмағанын айтып көзіне жас алды
ашық дереккөз
Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева Paradox бағдарламасына берген сұхбатында Арман Дүйсеновпен қоштаса алмағанын айтып, көзіне жас алды деп, жазды KYN.KZ тілшісі. Жұлдызайдың айтуынша, сазгердің қазасы өзіне ауыр тиген. “Аға өте ерте кетіп қалды, қоштасып үлгермей қалдық. Денесін шығармай тұрып менен “Қоштасасың ба?” деп сұрағандар болды. Менің батылым жетпеді. Көз алдымда қалып қойып, кейін қиналып қаламын ба деп ойладым, сөйтіп кірмедім. Қатты жыладым, себебі “аға стерссте болыпты, қиналыпты” деген әңгімелерді естідім. “Ешкім көмектесе алмады ма?” деп ойладым. Ол кісінің қанша адамға жақсылығы өтті, өнерде жүрген көптеген жігіттерге көмектесті, қанша адамды жарыққа алып шықты?! Солардың ішінде ағаға көмектесетін бір адамның табылмағаны ма?” деген ойға келдім. Аға туралы естіген кезде маған қатты ауыр тиді”, – дейді Жұлдызай көзіне жас алып.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар